Парламент

Мерзімінен бұрын сайлау өткізілсін

Елбасы жақында Парламент Мәжілісінің кезектен тыс сайлауын өткізу мәселесі жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы22 Қаңтар , 09:43

Кеңеске Премьер-Министр К.Мәсімов, Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова, Президент Әкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулин, Конституциялық кеңес төрағасы И.Рогов, Бас прокурор А.Дауылбаев және басқалар қатысты.

Іс-шара барысында Мемлекет басшысы депутаттардың кезектен тыс Мәжіліс сайлауын өткізу және барлық деңгейдегі мәслихаттардың кезекті сайлауын өткізу туралы бастамасына байланысты үндеу жасады.

Қазақстан Президенті Парламент Мәжілісі депутаттарының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын доғару және жаңа сайлау белгілеу жөніндегі ұсынысын жан-жақты қарастырғанын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев жаңа кезеңде шикізатқа төмен баға жағдайында өмір сүруге бейімделіп, индустрияландыруды, шағын және орта бизнесті дамытуды белсенді жалғастыру керектігін атап өтті. 

«Осы бір күрделі ахуалда біздің бәріміз үшін ең маңыздысы – ысырапсыз өмір сүру, ресурстарды үнемдеу, жұмыс орындарын сақтау екенін түсіну. Үкімет пен Парламентке бұл жағдайда бірлесіп, жинақы жұмыс істеп, жедел шешім қабылдау қажет. Біздің халқымызға бұрынғыша бірігіп, осы күрделі уақытта кез келген ықтимал арандатуларға, қажет болса, заңнамалық тұрғыдан тойтарыс беру керек. Ол жағдайдың нашарлауына кінәлілерді іздеп, саясиландырғысы келетіндерге де қатысты. Бұл – жаһандық үдеріс, оған бірде-бір ел, соның ішінде Қазақстан да ықпал ете алған жоқ. Сондықтан бәріміз топтасып, бір-бірімізге көмектесуіміз керек», – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті біздің қоғам бүгінде түрлі сын-қатерлерге дайын екеніне назар аударды.

«Біз Тәуелсіздіктің ширек ғасырға жуық абыройлы жолын жүріп өттік. Біз жасампаз еңбекте шыңдалып, табысты, қалыптасқан және әлемге сыйлы мемлекет құрған біртұтас халыққа айналдық. Мен депутаттардың бастамасын Қазақстан мен қазақстандықтардың тағдырына отаншылдық тұрғыдан қамқорлық танытудың көрінісі деп қабылдаймын. Мәжілістің кезектен тыс сайлауы (оның ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының да депутаттары бар) және өңірлік мәслихаттардың кезекті сайлауы бірге өтуі уақытты да, қаржыны да үнемдейді. Барша депутаттарға мемлекетшіл ұстанымы мен аса жоғары тарихи жауапкершілік танытқаны үшін алғысымды айтамын», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы ел Конституциясы талаптарына сәйкес, Парламент Палаталары төрағаларымен, Премьер-Министрмен және Конституциялық кеңес төрағасымен консультациялар өткізгенін, соның қорытындысы бойынша депутаттардың бастамасын қолдауға шешім қабылданғанын айтты.

«Билік саласы өкілдері құрамының жаңартылуы еліміз бен халқымыздың мүддесіне сай келетіндігіне сенімім кәміл. Саяси партиялар күн тәртібіндегі міндеттерді түсіне білетін сауатты, іскер және ел мүддесіне адал кандидаттарды ұсынуға тиіс. Бүгін мен Бесінші шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің өкілеттігін мерзімінен бұрін тоқтату туралы Жарлыққа қол қойдым. Мәжілістің кезектен тыс сайлауы 2016 жылғы 20 наурызға белгіленді», – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл қазақстандықтарды, қоғамның барлық әлеуметтік топтарын уақыт талабы тудырған шешімді қолдауға шақырды.

«Баршаңызды сайлауға белсене қатысуға, еліміздің болашағы жолындағы тұтастығымыз бен бірлігімізді тағы да танытуға шақырамын. Конституцияның кепілі ретінде Орталық сайлау комиссиясына және барлық өкілетті мемлекеттік органдарға алдағы сайлауда заңдылықты, ашықтықты және әділеттілікті қамтамасыз етуді тапсырамын. Дауыс беру науқаны және сайлау күрделі кезеңде ұлтты ұйыстырып, біздің Қазақстанымызды жаңа белестерге алып шығуға көмектеседі деп сенемін», – деді Мемлекет басшысы.  

ОСК бұл шешімге орай таңертең ОКҚ-да брифинг те өткізіп үлгерді.

«ҚР Президентінің қаулысына орай партиялық тізім бойынша сайланатын ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының мезгілден бұрын сайлауы 2016 жылдың 20 наурыз айында өткізіледі. Қазақ халқы Ассамблеясында сайланатын ҚР Парламент Мәжілісінің мезгілінен бұрын өтетін сайлауы а.ж. 21 наурызында өтеді. Сондай ақ, ОСК 2016 жылдың 20 наурызға барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының  кезекті сайлау тағайындау туралы қаулы қабылданды»,-деді Қ.Тұрғанқұлов.

Оның айтуынша, бұл өз жолында сайлау науқанына бөлінген бюджетті айтарлықтай үнемдеуді қамтамасыз етеді, яғни ол 4,8 млрд теңгені құрайды.

«Жалпы сайлау науқанында Мәжілістен 107 депутат таңдалатын болады, оның ішінде 98-і партиялық тізімнен және 9-ы ҚХА-дан. Жергілікті өкілдер органына барлық деңгейлі мәслихаттан 3 335 депутат сайланатын болады, оның ішінде облыстан-550, қалалық-625 және 2 160-ы аудандық мәслихаттан»,-деді ол.

Парламент Мәжілісіне партия тізімі бойынша кандидаттарды ұсыну 8 ақпанға дейін  болады. Ал, партия тізімін тіркеу ағымдағы жылдың 19 ақпанында болады. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау  комиссиясының төрағалары Владимир Фоос Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып кетті.

«Сайлау алдындағы науқан, кешегі Жарлықты қабылдағаннан кейін басталды. Президент Парламент өкілеттігін мерзімнен бұрын тоқтату туралы ұсынысқа нақты түсінік берді. Депутаттардың бұл бастамасын қоғам жақсы қабылдап, нақты іс-шаралар баяндалды»,-деді ол.

В. Фоостың айтуынша, Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығын туралы заңға сәйкес, партиялық тізімдер бойынша сайланатын саяси партияларға тиесілі, ал Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Ассамблея кеңесінде сайланады.

«Кандидаттар партиялық тізім бойынша ұсынылып, партия съездерінде қалыптасады. Парияларға уақыт 8-ші ақпанға дейін берілді. Содан кейін тіркеу жұмыстары жүргізіліп, 20-шы ақпаннан бастап сайлау алды үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі»,-деді ол.

Сонынмен қатар, В.Фоордың айтуынша, Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейлі мәслихат депутаттарының бірігіп өткізген сайлауы бюджедтен 4,8 млрд қаражатты үнемдеуге септігін тигізеді.

«Біз сайлауды біріктіріп өткізуді жоспарладық, өйткені ол бюджет қаражатын үнемдеуге қолайлы, және сайлау синхронды өтіп, 4 млрд теңгеге дейін үнемдеп қаламыз»,-деп ҚР ОСК төраға орынбасары айтып өтті.

Мен Парламент Мәжілісіндегі мерзімінен бұрын сайлауды зиялық қауымның жаңаруы ретінде бағалаймын, ол билікке жастарды тартуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Еуразиялық коммуникациялық орталық директоры Алексей Пилько Елбасы Н.Назарбаевтың Парламент Мәжілісінің мерзімінен бұрын сайлауын 2016 жылдың 20 наурызында өткізу  туралы айтқан пікірін Strategy2050.kz АА берген сұхбатында бөлісті.

«Бұл шешім техникалық, себебі біз жаңа экономикалық жағдайда өмір сүреміз. Қазір әлемдік экономикалық дағдарыс жалғасуда. Энергия тасмымалдаушылардың бағасы күрт төмендеуде. Қазақстан мен Ресейдің ғана емес, Еуразиялық экономикалық одақ елдері экономикаларының қайта құрылуына мұқтаж болып отыр. Мен Парламент Мәжілісіндегі мерзімінен бұрын сайлауды зиялық қауымның жаңаруы ретінде бағалаймын, ол билікке жастарды тартуға мүмкіндік береді», - деді А.Пилько.

Парламенттік мерзімнен бұрын сайлау өткізу жұмыстары жас буындарға жаңа  конструктивті идеяларды ұсынуға, озық және геосаяси жағдайда ынталы жұмыс істеуге  мүмкіндік береді, деп «Парасат» Қазақ көпсалалы институтының гуманитарлық зерттеу орталығының директоры, филология ғылымының докторы, профессор Нұрсұлу Шаймерденова Srtategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып кетті.

«Кеше Мемлекет басшысы V шақырылымдағы Парламент Мәжілісі өкілеттігін тоқтату туралы Жарлығына қол қойды. Мәжілістегі сайлау 2016 жылы 20 наурызда өткізіледі. Мен бұл шешімді қолдаймын, өйткені ол жас буындарға жаңа мүмкіндіктер әкеледі. Өздеріңіз білетіндей, буындардың алмасуы әр 25 жыл ішінде болады. Сол себепті Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай, қорытынды жұмыстарын өткізудеміз. Сонымен қатар, Қазақстан азаматтарының белсенділігін және азаматтық қоғамның барлық институттарын арттыруға мүмкіндік береміз»,-деді сарапшы.

Н.Шәймерденованың айтуынша, бірнеше шет тілдерді білетін, «Болашақ» бағдарламасы арқылы білім алып келген жас буындар бүгінгі күні жаңа тың идеяларды ұсынуға және жаһандық дағдарыс кезінде геосаяси жағдайдағы түрлі жұмыстарда қызмет етуге мүмкіндік болып тұр.

«Менің ойымша, дәл осы жас буындар өздерінің аға буындарының көмегімен депутат корпусының құрамына еніп, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының өкілеттілігіндегі әр түрлі ұйымдарда жұмыстарын жалғастырып, ҚХА табысты бәсекеге қабілетті мемлекет құруды жалғастырады деген сенімдемін»,-деді ол.

Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихатының  кезектен тыс сайлауы заң шығару саласына үздік мамандарды тартуға ықпал етеді .Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте федерация төрағасы Әбілғазы Құсайынов мәлім етті.

«Елбасының Жарлығы бойынша сайлау 20 наурызға белгіленді. Біз Мемлекет басшысының шешімін толығымен қолдаймыз. Әлемде дағдарыс қанатын жайып келеді, әрбір елде, әрбір отбасында проблема деген аз емес. Шикізаттың, оның ішінде мұнай бағасының төмендеуіне байланысты бұндай жағдайлар біздің елімізде бұрын да болған. 1990 жылдары үлкен дағдарыс болды, Кеңес одағы ыдырағаннан кейін он жылда қиындықтарды жеңіп, жаңа бағытқа бағдар алды. 2009-2011 жылдардағы дағдарысқа да тойтарыс бердік. Енді міне, дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың ауқымын көріп отырмыз. Бұған қосымша кейбір мемлекеттерде болып жатқан оқиғалар да жақсылық әкелмейді», - дейді Ә.Құсайынов.

Оның атап өтуінше, Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар байқауын бірге өткізу еліміз үшін өте тиімді болмақ.

«Біз де көп ойландық, бір-бірімізбен пікір алмастық. Бір жылдың ішінде екі сайлау өткізу дұрыс емес, өйткені дағдарыс уақытында қаншама қаражат кетеді. Екіншіден, сайлауға дайындалу үшін көп халық жұмыс істеуі керек, сайлау учаскелері ашылуы қажет. Мұны жылына екі рет жасау оңай емес. Бүгінгі дағдарыс кезінде біз, ең бастысы, бүкіл күшімізді жұмысқа жіберуіміз керек. Мұны кеше Елбасы жете айтты. Осындай жағдайда әрбір тиынды санауымыз маңызды. Сондай-ақ, қазіргі уақытта Парламентке білікті мамандар қажет», - деген пікірін білдірді Қазақстанның кәсіподақтар федерациясының төрағасы.

1990 жылдың 10 қазанында Қазақстан кәсіподақтарының XIV съезінде Қазақ ССР Кәсіподақтар федерациясын құру туралы декларация қабылданды.1992 жылы 3 наурызда оның атауын Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясына ауыстыру туралы шешім қабылданып, бірлестік республикалық мәртебеге ие болды. Қазіргі таңда «ҚР кәсіподақтар федерациясы» республикалық кәсіподақтар бірлестігі салалық кәсіптік одақтарды және аймақтық кәсіподақтар бірлестіктерін біріктіретін коммерциялық емес ұйым болып табылады.

Федерация қызметінің нысаны және мақсаты – мүшелік ұйымдардың әрекеттерін кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық, еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауға өкілдік ету үшін шоғырландыру және үйлестіру, кәсіптік одақтардың қызметіне құқықтық кепілдікті қамтамасыз етуге септесу. Федерацияның жоғарғы органы 5 жылда бір рет шақырылатын Съез болып табылады. Қазіргі уақытта кәсіподақтар федерациясының 2,2 млн мүшесі бар.

Қазақстан ширек ғасырда халықтың пікірін сұраудың тәжірибесіне ие. Сондықтан да Орталық сайлау комиссиясы электоральді кезеңде өзінің ісін жауапты атқарады. Бұл әрбір қазақстандықтың дауысы ескерілу үшін қажет.

Данияр Қасымов 




Дерекнама

Яндекс.Метрика