Үкімет

Давоста шетел компаниялары Қазақстанның инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша бастамаларына жоғары баға берді

Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форум аясында ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовтің Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің Президенті С.Чакрабартимен және трансұлттық корпорациялардың басшыларымен өткен кездесулерінде Қазақстанның елдің инвестициялық тартымдылығын арттыру саласындағы табыстары таныстырылып, талқыланды, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.
Әлемде22 Қаңтар , 09:14

Сондай-ақ, кездесу барысында Қазақстан Республикасының соңғы 15 жылда ел экономикасына 215 млрд АҚШ долларынан астам тікелей инвестициялар тартуға мүмкіндік берген инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша жүргізілген реформалары қарастырылды. ЕҚДБ Қазақстан экономикасына 7 млрд астам АҚШ долларын инвестициялады және 2016 жылы Қазақстанға инвестициялайтын отандық және шетелдік компанияларды қаржыландыруды жалғастыруды көздеп отыр.

Кездесуге қатысушылар сондай-ақ инвесторлардың ел экономикасына қатысуын және алдағы ЭКСПО-2017 көрмесі аясында өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту, оның негізінде Астанада Халықаралық қаржы орталығын құру мүмкіндіктерін талқылады. ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов аталған жобаларға белсенді қатысуға шақырды.

Өз кезегінде, АҚШ, Ұлыбритания, Түркия және Үндістан сияқты елдердің халықаралық танымал компанияларының өкілдері Қазақстанның елдің инвестициялық тартымдылығын жақсарту, оның институционалдық негізін нығайту бағытындағы бастамаларын жоғары бағалап, одан әрі ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екендіктерін білдірді.

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика