Үкімет

К.Мәсімов Давоста Түркия Премьер-Министрі А.Даутоғлымен кездесу өткізді

Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форум барысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Түркия Республикасының Премьер-Министрі Ахмет Даутоғлымен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.
Әлемде22 Қаңтар , 09:07

Түркия Үкіметінің басшысы А.Даутоғлы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сәлемін жолдап, игі тілектерін жеткізді.

Қазақстан және Түркия Үкіметі басшылары қазіргі экономикалық ахуалды жаһандық және жерілікті деңгейде талқылап, халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Кездесу соңында К.Мәсімов пен А.Даутоғлы өзара тауар айналымын ұлғайту бойынша жұмысты жандандыру қажеттігін айтып өтіп, ұзақ мерзімді іскерлік қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға келісті. 

 




Яндекс.Метрика