Үкімет

Қазақстан Премьер-Министрі К.Мәсімов Marubeni Corporation басшысымен кездесті

Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысу аясында Қазақстанның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Marubeni Corporation директорлар кеңесінің төрағасы Теруо Асадамен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.
Әлемде22 Қаңтар , 09:03

Әңгіме барысында энергетика, экономканың энергетикалық және көліктік салаларындағы өзара іс-қимылды дамыту, баламалы энергия көздері саласындағы жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. 

Сондай-ақ, тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге әлеуеттің зор екенін атап өтіп, іскерлік қатынастарды одан әрі нығайтуға мүдделіліктерін жеткізді.

 




Яндекс.Метрика