Үкімет

ҚР және Нидерланды Үкіметтері басшылары Давоста екі жақты ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форум аясында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Нидерланды Корольдігінің Премьер-Министрі Марк Рюттемен кездесу өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.
Әлемде22 Қаңтар , 08:59

Келіссөздер барысында тараптар екі жақты әріптестікті дамыту мәселелерінің кең ауқымын талқылады, сондай-ақ Қазақстан мен Нидерланды арасындағы инфрақұрылымдық, сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықтың перспективалары жөнінде пікір алмасты.

К.Мәсімов өткен жылдың желтоқсанында қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы Келісім біздің елдеріміздің арасындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесетініне сенім білдірді.

Кездесу соңында Үкіметтер басшылары екі ел арасындағы тауар айналымын ұлғайту және өзара іс-қимыл салаларын кеңейтуге елеулі әлеуеттің бар екендігін айтып өтті.

 

 




Яндекс.Метрика