Парламент

А.Джекшенқұлов: Қазақстан кез келген жағдайға дайын екендігін көрсетуде

Мәжілісте болатын сайлаудың бір уақытта облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттарда да болуы-биліке жаңа саяси күштердің келуіне мүмкіндік береді. Бұл жөнінде Қырғызстан сыртқы істер экс-министрі, саясаттану ғылымдарының докторы Алібек Джекшенқұлов Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.
Әлемде 22 Қаңтар, 09:21

«ҚР Парламент Мәжілісі мезгілінен бұрын тарату жөнінде ұсынысты Президентке білдіргеннен кейін, Нұрсұлтан Назарбаев дұрыс шешім қабылдап, депутаттарды  қолдады. Мәжілісте болатын сайлаудың бір уақытта облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттарда да болуы- билікке жаңа саяси күштерге келуге мүмкіндік беріп, Қазақстанды қиын жағдайда жол тауып шығуына септігін тигізеді. Бұған дейін барлық жауапкершілікті өз мойнына тек Елбасы алған болатын, ендігі кезде басқа да саяси күштерге де мүмкіндік беріліп отыр. Қазақстан соңғы кездері саяси мобильді көрсетіп, кез-келген жағдайға дайын екендіктерін дәлелдеуде.  Екі жыл бұрын олар реформа жүргізу керектігін айтып жатқан. Барлық әлем және біздің де өңір саяси және экономика тұрғысынан қиын күндерді кешіп жатыр. Егер Қазақстан экономика дағдарысынан шықса, ол көрші Қарғызстанға қиын жағдайда шешім таба білу үшін жақсы мысал болады»,-деді А.Джекшенқұлов.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы V шақырылымдағы Парламент Мәжілісі өкілеттігін тоқтату туралы Жарлығына қол қойды.  Мерзімнен бұрын сайлау 2016 жылы 20 наурызда өткізіледі.

Индира Қауметова

Жеке мұрағаттан алынған сурет





Яндекс.Метрика