Үкімет

ДЭФ аясында К.Мәсімов Кембридж энергетикалық зерттеулер қауымдастығының төрағасымен кездесу өткізді

Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форум аясында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Кембридж энергетикалық зерттеулер қауымдастығының төрағасы Дэниель Ергинмен кездесу өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.
Әлемде22 Қаңтар , 08:52

Әңгіме барысында тараптар жаһандық мұнай нарығындағы ағымдағы жағдай мен Қазақстанның энергетикалық саласының дамуы перспективлары туралы пікір алмасты. 

Шикізат тауарларына төмен бағаларға соқтырып отырған жаңа жағдайларға бейімделу қажеттігі туралы айта отырып, Д.Ергин Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық реформаларды құптайтынын білдірді, сондай-ақ энергияның баламалы көздерін пайдаланудың зор әлеуетін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар энергетика саласындағы стратегиялық зерттеулерді жүргізуде одан әрі ынтымақтастықты нығайтуды жақтады.




Яндекс.Метрика