Үкімет

ҚР Премьер-Министрі мен Дүниежүзілік банк басшысы Қазақстанда ХҚҚДБ кеңселерін ашу туралы Келісімге қол қойды

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Дүниежүзілік банк Президенті Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасында ҚР-да кеңселерді ашу және олардың қызметі туралы Келісімге қол қойды, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.
Астана қаласы21 Қаңтар , 20:54

 Давостағы (Швейцария) Дүниежүзілік Экономикалық форум аясында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен Дүниежүзілік Банк Президенті Джин Кимнің кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік банкпен әрі қарай ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады және ҚР Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасында ҚР-да кеңсе ашу және олардың қызметі туралы Келісімге қол қойды (Құрылтай келісімі). 

Жаңа Құрылтай келісіміне қол қою Қазақстан мен Дүниежүзілік Банк арасында ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға және 2014 жылғы мамырда тұрақты даму мен инклюзивті өсудегі бірлескен күш-жігерді қолдау үшін қол қойылған серіктестік жөніндегі Шектелмелі келісімді толық жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Дүниежүзілік Банк Тобына 1992 жылы қосылды. ҚР-ның Тәуелсіздік жылдарында Дүниежүзілік банк 7,9 миллиард АҚШ доллары сомасына 45 жобаға инвестиция салды. Бүгін Қазақстандағы Дүниежүзілік Банк бағдарламасы білім беру, денсаулық сақтау, инновациялар, сондай-ақ көліктік инфрақұрылым мен қоршаған ортаны қорғау салаларындағы институционалдық дамуға шоғырланған. 

 

 




Яндекс.Метрика