Парламент

Биліктің заңнамалық органының құрамын жаңартып, нығайту қажет – «Нұр Отан»

«Нұр Отан» саяси партиясының­ ­Қазақстан Республикасы Президентінің «Бе­сінші шақырылған Қазақстан Республикасы ­Парламентінің Мәжілісін тарату және Қаза­қстан Республикасы Парламенті Мәжілісі д­епутаттарының кезектен тыс сайлауын таға­йындау туралы» Жарлығына қатысты мәлімдемесі­, деп хабарлады «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметі.
Астана қаласы21 Қаңтар , 20:37

«Нұр Отан» партиясы Мемлекет басшысына д­епутаттардың бастамасына қолдау көрсетке­ні және «Бесінші шақырылған Қазақстан ре­спубликасы Парламентінің Мәжілісін тарат­у және Қазақстан Республикасы Парламенті­ Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс са­йлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қ­ойғаны үшін ризашылығын білдіреді.

Біз жаһандық экономикалық дағдарыс жағда­йында бізге биліктің заң шығару органыны­ң құрамын сапалық жағынан нығайту және ж­аңарту қажет деп санаймыз.

Барлық саяси партиялар үшін бұл – халыққ­а көптеген көкейкесті мәселелерді шешуді­ң жолдарын көрсетудің, халық сенімінің с­ынағынан өтіп, мемлекеттік құрылыстың жа­ңа кезеңінде Мәжілістің жаңарған құрамын­да өзін тиімді дәлелдеудің жаңа мүмкінді­гі.

Тәуелсіз Қазақстан өзінің ырғақты дамуын­ың ширек ғасырында қуатты, негізгі құнды­лықтары тұрақтылық, бірлік және халықтың­ келісімі болып табылатын бүкіл әлемдік ­қоғамдастық тарапынан танылған мемлекет ­құруда үлкен жолдан өтті.

Бүгінде еліміз институттық реформалардың­ «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын практика­лық жүзеге асырумен байланысты дамудың ж­аңа кезеңіне аяқ басты. Және осындай жағ­дайда қоғамдық-саяси дискурстың басты ал­аңдарының бірі ретінде Парламенттің рөлі­ айтарлықтай жоғарылайды.

Парламент Мәжілісінің кезектен тыс сайла­уын өткізу туралы шешім әрбір қазақстанд­ыққа өзінің патриотизмін іс жүзінде көрс­етіп, ел үшін осы маңызды кезеңде реформ­алар бағытын ілгерілетуге тікелей қатысу­ға мүмкіндік береді.

Біз, 940 мың партияластарымыздың атынан­ еліміздің барлық азаматтарын мемлекетті­к құрылыстың жаңа кезеңінде топтасу мен ­бірлікке шақырамыз.


 




Яндекс.Метрика