Парламент

Л.Қаратаева: Мерзімінен бұрын сайлау өткізу алға қойған мақсаттарды жүзеге асыруға серпін береді

Мерзімінен бұрын сайлау өткізу алға қойған мақсаттарды жүзеге асыруға серпін береді.ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Алматыдағы өкілдігінің бас ғылыми қызметкері Леся Қаратаева осындай пікір білдірді.
Астана қаласы21 Қаңтар , 20:26

«Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс сайлауын өткізудің мақсатын анықтап, маңызын жеткізіп берді. Президентіміздің Парламент депутаттары бастаған ұсынысты қолдағаны нұр үстіне нұр болды. Заманымыздың ағымына қарай халықтың игілігі үшін қызмет атқаратын адамдар арасында жаңа күштің келуі міндетті түрде жемісін беру керек. Тың көзқарас, жаңа идеялар мен мықты серпін – мұның бәрі уақыт пен заманның талаптары»,- деді саясаттанушы.

Естеріңізге салсақ, 20 қаңтар күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының мерзімінен бұрын сайлауын тағайындау туралы Қаулыға қол қойған болатын.

 




Яндекс.Метрика