Парламент

А.Чеботарев: Жаңа депутаттардың келуімен жаңа идеялар көбейеді

Жаңа депутаттардың келуімен жаңа идеялар көбейеді , деді «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботарев осындай пікір білдірді.
Астана қаласы21 Қаңтар , 19:54

«Елбасы мемлекет экономикасы мен халықтың тұрмыстық жағдайына қатысты кез-келген мәселеге сергек әрі жан-жақты қарайды. Сондықтан әр стратегиялық шешім міндетті түрде жемісін береді.

Оның айтуынша, саяси партияларымыздың өкілдері игі бастаманың басын көтеріп, халқымызды бір серпілтті. Ұсыныс дүйім жұрт тарапынан қолдау көргені – үлкен жетістік.

Ол айтып өткендей, үкіметтік емес ұйымдар, әлеумет өкілдері, түрлі сала мамандары – ешкім де бейжай қалмады. Демек, сайлау ел тұтастығын да сынай білді.

«Жаңа күш иелері жаһандық дағдарыс уақытының талабы. Парламент жұмысының сапасы еселеніп, жүйесі кеңейе түсері анық»,- деді А. Чеботарев.

Естеріңізге салсақ, 20 қаңтар күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының мерзімінен бұрын сайлауын тағайындау туралы Қаулыға қол қойған болатын.




Яндекс.Метрика