Парламент

Д.Әшімбаев: Саяси алаң мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ететін маңызды құрал

Саяси алаң мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ететін маңызды құрал, деді Strategy2050.kz. АА берген пікірінде саясаткер Данияр Әшімбаев.
Астана қаласы21 Қаңтар , 20:09

«Менің ойымша, соңғы кезде орын алып жатқан саяси жағдайлар өте дұрыс бағытта келеді. Президент депутаттар бастамасын қолдап, халықпен бірге сенім білдірді. Парламенттің жұмысын жаңарту мемлекеттің жалпы саяси механизміне жақсы әсер етері анық. Сын сағатта маңызды шешімдерді қабылдауды тежемеу керек.

« Бұл орайда кезектен тыс өткелі отырған сайлауды дағдарысқа қарсы шаралар арасындағы тағы бір жетістік деуге болады. 4 жыл қас-қағым сәтте өте шықты. Бесінші шақырылым депутаттары бар мақсат-міндетін атқарды», - деді ол.

«Жалпы, партияларды тек белгілі билік өкілі ретінде ғана қабылдау қателік. Біріншіден, партия дегеніміз – халық. Ал халықтың мүддесі мен мақсат-мұраты мемлекет үшін аса маңызды мәселе болып табылады»,- деді саясаткер.

Естеріңізге салсақ, 20 қаңтар күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының мерзімінен бұрын сайлауын тағайындау туралы Қаулыға қол қойған болатын.

 

 




Яндекс.Метрика