Парламент

Б.Әбдікәрім: Қазақстанға елдің реформалануын жүзеге асыру үшін заңнамалық билікті жаңарту қажет

Қазақстанға елдің реформалануын жүзеге асыру үшін заңнамалық билікті жаңарту қажет, деді «Семей-ЯП» қоғамдық қорының төрағасы Болатбек Әбдікәрім Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында.
Астана қаласы21 Қаңтар , 19:38

«Мен Парламенттің төменгі палатасының мерзімінен бұрын сайлауын өткізуді қолдаймын. Қазір Қазақстанға  елдің реформалануын жүзеге асыру үшін заңнамалық билікті жаңарту қажет. Меніңше, жаңа Мәжілістің құрамында халықтан, өндірістен шыққан тәжірибелі адамдар болуы керек. Парламентшілердің арасында үкіметтік емес ұйым өкілдері болған да жөн», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы V шақырылымдағы Парламент Мәжілісі өкілеттігін тоқтату туралы Жарлығына қол қойды.  Мерзімнен бұрын сайлау 2016 жылы 20 наурызда өткізіледі..

Анар Тәңірқұлова

 




Яндекс.Метрика