Парламент

И.Борчашвили: Мерзімінен бұрын сайлау өткізудің басты идеясы халықтың жайлы өмір сүруіне бағытталған

Мерзімінен бұрын сайлау өткізудің басты идеясы халықтың жайлы өмір сүруіне бағытталған. Бұл туралы ҚР ӘМ сот сараптамасы орталығының директоры, заң ғылымдарының докторы, ҚР ЕЖА академигі, профессор Исидор Борчашвили Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында мәлімдеді.
Астана қаласы 21 Қаңтар, 18:54

«Мәжіліске енетін барлық фракциялар аталмыш бастаманы қолдады, бұқаралық ақпарат құралдары сараптамасы, барлық қоғам қайраткерлерінің баяндамасы, депутаттардың сөйлеген сөздері аталмыш экономикалық жағдай әлемде және біздің елде болып жатқан жағдайға байланысты. Шаралардың барлығы Елбасының Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында жасалып жатыр», - деді ол.

Сарапшының айтуынша, бастаманың басты идеясы халықтың жағдайын жақсарту мен мемлекетті нығайту болып табылады.

«5 шақырылым депутаттары өз қызметтерін аяқтады, олар «100 нақты қадам» реформасын жүзеге асыру үшін құқықтық базаны дайындап берді. Жаңа Парламент Елбасы жүктеген тапсырмаларды жүзеге асырады», - деді ол.

Естеріңізге  сала кетейік, Мемлекет басшысы ҚР Парламент Мәжілісінде және барлық деңгейлі мәслихатта мерзімінен бұрын болатын сайлауды 2016 жылы 20 наурызда өткізу туралы Жарлыққа қол қойды.

Индира Кауметова

Фото: adilet.gov.kz





Яндекс.Метрика