Парламент

Д.Байделдинов: Парламенттік сайлаудың ашықтығы мен әділдігі қамтамасыз етіледі

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті деканы, заң ғылымдарының докторы Дәулет Байделдиновтың пікірінше, Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттың сайлауы 4,8 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді. Бұл туралы ол ОКҚ-да мәлімдеді.
Алматы қаласы 21 Қаңтар, 18:06

«Елбасының Мәжілістің мерзімінен бұрын сайлауын өткізуді 20 наурызға бекітуі құқықтық жағдай. Бұл уақыттан бастап елде электоральді үрдіс басталады.  «Заңгерлер әділ сайлау үшін» АҰ  аталмыш  шарада өте тәжірибелі. Оған халықаралық ұйым, бақылаушылар, саяси партия өкілдері қатысады.  «Заңгерлер әділ сайлау үшін» құрамында білікті заңгерлер, сайлау кампанияларының бұрыңғы қатысушылары, ұстаздар. Олар заңнамалық үрдіске әділ баға бере алады. Өңірлерде жұмыс істейтін филиалдар сайлауды өткізу күнінде жедел ақпарат  беруге мүмкіндік береді. 20 наурызда Мәжілістің мерзімінен бұрын сайлауын өткізу елге 4,8 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді. Біз Парламенттік сайлаудың ашықтығы мен әділдігі қамтамасыз етеміз», - деді Д.Байделдинов.

Естеріңізге  сала кетейік, Мемлекет басшысы ҚР Парламент Мәжілісінде және барлық деңгейлі мәслихатта мерзімінен бұрын болатын сайлауды 2016 жылы 20 наурызда өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. 





Яндекс.Метрика