Басқару

С.Кулагин Елбасына Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады

Елбасы Н.Назарбаев Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагинмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы21 Қаңтар , 17:46

Кездесу барысында Сергей Кулагин Елбасына өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен алға қойылған жоспарларын баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, бүгінде облыстар арасында тауарлық өзара байланысты нығайтқан дұрыс, бұл есеппен әр облыста өндіріс пен тұтыну теңгерімін сақтау қажет.

Ақмола облысының әкімі 2015 жылғы физикалық өндірістік өнім көлемі туралы  айтты, оның жалпы көрсеткіші 6,9 пайыз, ауыл шаруашылығы – 2,1 пайыз, құрылыс жұмыстары – 6,1 пайыз.

С.Кулагин айтып өткендей, өңірде азық-түлік бағасын өсірмеуге байланысты шаралар  жүргізілуде.

Сондай-ақ, Елбасына Индустриялындыру картасы туралы мәлімет жеткізілді. Соңғы жылдары индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясында  63,6 млрд теңгенің 21 жобасы іске қосылды, ол 1,7 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, «Астана азық-түлік белдеуі» аясындағы жобалар да  атлқыланды.

Қорытындысында Елбасы бірқатар тапсырмаларды жүктеді.

 

 

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика