Парламент

Е.Смышляева: Сайлау әрқашан адамдарды, олардың саяси еріктерін біріктіреді

Сайлау әрқашан адамдарды, олардың саяси еріктерін біріктіреді, деп Қостанай қ. Мәслихат депутаты Екатерина Смышляева Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.
Солтүстік Қазақстан 21 Қаңтар, 17:19

«Біздің әріптестер - бір жұма бұрын Параламент мәжілісіндегі депутаттар құрамын таратып, мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы бастамаларын айтты. Шынымен, бұл шақырылым қиын уақытта жұмыс атқарды. Олардың мойындарына заң шығару сынды күрделі жұмыстар жүктелді. Өздеріңіз көргендей, олар аз уақыт ішінде көптеген заңдарды қабылдды, сондай-ақ Еңбек кодексі де қарастырды»,-деді Е. Смышляева.

Оның айтынша, әлемдегі тұрақсыздық Қазақстанға да бір шетін тигізді.

«Бізде көптеген сынақтар бар. Сол себепті үлкен күш керек. Мәжіліс түбегейлі өзгермейді. Дегенмен, жаңа адам, жаңа бағыттар келеді. Менің ойымша, парламенттік сайлау алдағы оқиғаларға уақытылы болып келеді. Сайлау әрдайым адамдарды біріктіреді. Олардың саяси ерікке деген көзқарастарын біріктіреді»,-деді мәслихат депутаты.

Ботагөз Айтжанова

Сурет жеке мұрағаттан алынды 





Дерекнама

Яндекс.Метрика