Парламент

ҚКХП Президенттiң шешімін бiрауыздан қолдайтынын жеткiздi

Қазақстан коммунистік халық партиясы (ҚКХП) Президенттiң парламент Мәжiлiсi сайлауын мерзiмiнен бұрын өткiзу туралы Жарлығын бiрауыздан қолдайды. Бұл туралы партия орталық комитетiнiң хатшысы Тұрғын Сыздықов мәлімдеді.
Астана қаласы21 Қаңтар , 16:21

«Бiз парламент Мәжiлiсi депутаттарының үндеуiн қолдадық. Қазiргi дағдарыс елiмiздің жағдайын жақсартуға жоспар құру қажет екендiгiн бiлдiрiп отыр. Ол жоспар әзiрлендi. Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауы, «Нұрлы жол» бағдарламасы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары сияқты көптеген бағдарламалар дайындалды. Бiз сол бағдарламаларды жаңа күшпен жүзеге асыруымыз керек. Ол үшiн бiрлiк, ауызбiршiлiк керек», - деп мәлiмдедi Тұрғын Сыздықов.

Қазақстан коммунистiк халық партиясы орталық комитетi хатшысының айтуынша, Қазақстанның iшкi мәселесін ешкiм келіп шешiп бермейдi. Ауызбiршiлiктiң арқасында елiмiзде Жалпыға ортақ еңбек қоғамы құрылды. Ол ҚКХП бағдарламасына сәйкес келедi.

«Бiз Президенттiң парламент Мәжiлiсi сайлауын мерзiмiнен бұрын өткiзу туралы Жарлығын бiрауыздан қолдаймыз. Алдымызда әлi бiраз мәселе бар. Олар съезд, пленум кезiнде шешiлетiн болады», - деп ойын қорытындылады Т.Сыздықов.

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика