Ұлт жоспары 100 нақты қадам

А.Божаков: «Болашақ» бағдарламасының түлектері Қазақстанның 30 дамыған елдің қатарына енуі үшін бар күшін салады

«Болашақ» бағдарламасының түлектері Қазақстанның 30 дамыған елдің қатарына енуі үшін бар күшін салады, деді «Болашақ» «ҚР Президентінің халықаралық стипендия қауымдастығы» АҚ атқарушы директорының орынбасары Азамат Божаков Елбасының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласына қатысты пікірінде.
Астана қаласы 21 Қаңтар, 17:51

«Өткен жылы Елбасы  маңызды стратегиялық құжат –  5 институционалдық реформаны жүзеге асыратын  Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» ұсынды. Елдің алдында дамыған 30 елдің қатарына ену мақсаты тұр. Аталмыш тапсырманы жүзеге асыру үшін білікті мамандар сапалы кадрлық резервті қалыптастыру үшін қажет болды. Бұл шешімді Елбасы 1993 жылы қабылдаған болатын, ол «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске қосты. Студенттер әлем елдерінде сапалы білім алуға мүмкіндік алды», - деді А.Божаков.

Оның айтуынша, Елбасының көреген саясатының нәтижесінде қазіргі таңда 8 мың студент «Болашақ» түлегі атанды. Медицина мен кәсіпкерлік негізін қалап, мемлекеттік қызмет пен жеке және ұлттық компанияларды жұмыс істеуде.

«2015 жылы «Болашақ» қауымдастығы  Елбасының  «Ұлт жоспары» 100 нақты қадамды жүзеге асыру бойынша 70 шара өткізді. Біз «Болашақ» бағдарламасын таныстырушылар ретінде Қазқстанның дамыған 30 елдің қатарына қосылуда барлық жағдайды жасаймыз», - деді ол.

Анар  Тәңірқұлова

 





Яндекс.Метрика