Парламент

А.Нұралин: Жаңа Мәжіліс Қазақстан экономикасының дамуына орай жаңа заңдарды қабылдауы керек

ҚР Парламент Мәжілісінің жаңа құрамы заңдарды қабылдауы керек. Ол жерде елдің индустриалды дамуы мен Қазақстанның экономикасына инвестицияларды тарту бойынша жұмыстар қарастырылады, деп ОКҚ-да «Қазкәсіптікметалл» тау-кен өнеркәсіп саланың төрағасы Асылбек Нұралин айтып өтті.
Астана қаласы21 Қаңтар , 15:41

«Қазақстандағы тау-кен өнеркәсібінің қызметкерлері V шақырылымдағы Парламент Мәжілісін таратып, Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттарда мерзімінен бұрын сайлау өткізу бағытын қолдаймыз. Жаңа Парламент Қазақстанның экононимкасына инвестицияларды тартуға,елдің индустриалды дамуына байланысты жаңа заңдар қабылдаулары керек. Менің ойымша, саяси партияларға мүмкіндіктерін нығайтып, басқа да партия өкілдеріне өздерін түрлі қырдан көрсетуге мүмкіндік туып тұр»,-деді А.Нұралин.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы V шақырылымдағы Парламент Мәжілісі өкілеттігін тоқтату туралы Жарлығына қол қойды.  Мерзімнен бұрын сайлау 2016 жылы 20 наурызда өткізіледі..

Анар Тәңірқұлова




Дерекнама

Яндекс.Метрика