Парламент

Ә.Құсайынов: Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттың кезектен тыс сайлауы заң шығару саласына үздік мамандарды тартуға ықпал етеді

Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихатының кезектен тыс сайлауы заң шығару саласына үздік мамандарды тартуға ықпал етеді . Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте федерация төрағасы Әбілғазы Құсайынов мәлім етті.
Астана қаласы21 Қаңтар , 15:34

«Кеше Елбасының Жарлығы бойынша сайлау 20 наурызға белгіленді. Біз Мемлекет басшысының шешімін толығымен қолдаймыз. Әлемде дағдарыс қанатын жайып келеді, әрбір елде, әрбір отбасында проблема деген аз емес. Шикізаттың, оның ішінде мұнай бағасының төмендеуіне байланысты бұндай жағдайлар біздің елімізде бұрын да болған. 1990 жылдары үлкен дағдарыс болды, Кеңес одағы ыдырағаннан кейін он жылда қиындықтарды жеңіп, жаңа бағытқа бағдар алды. 2009-2011 жылдардағы дағдарысқа да тойтарыс бердік. Енді міне, дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың ауқымын көріп отырмыз. Бұған қосымша кейбір мемлекеттерде болып жатқан оқиғалар да жақсылық әкелмейді», - дейді Ә.Құсайынов.

Оның атап өтуінше, Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар байқауын бірге өткізу еліміз үшін өте тиімді болмақ.

«Біз де көп ойландық, бір-бірімізбен пікір алмастық. Бір жылдың ішінде екі сайлау өткізу дұрыс емес, өйткені дағдарыс уақытында қаншама қаражат кетеді. Екіншіден, сайлауға дайындалу үшін көп халық жұмыс істеуі керек, сайлау учаскелері ашылуы қажет. Мұны жылына екі рет жасау оңай емес. Бүгінгі дағдарыс кезінде біз, ең бастысы, бүкіл күшімізді жұмысқа жіберуіміз керек. Мұны кеше Елбасы жете айтты. Осындай жағдайда әрбір тиынды санауымыз маңызды. Сондай-ақ, қазіргі уақытта Парламентке білікті мамандар қажет», - деген пікірін білдірді Қазақстанның кәсіподақтар федерациясының төрағасы.

1990 жылдың 10 қазанында Қазақстан кәсіподақтарының XIV съезінде Қазақ ССР Кәсіподақтар федерациясын құру туралы декларация қабылданды.1992 жылы 3 наурызда оның атауын Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясына ауыстыру туралы шешім қабылданып, бірлестік республикалық мәртебеге ие болды. Қазіргі таңда «ҚР кәсіподақтар федерациясы» республикалық кәсіподақтар бірлестігі салалық кәсіптік одақтарды және аймақтық кәсіподақтар бірлестіктерін біріктіретін коммерциялық емес ұйым болып табылады.

Федерация қызметінің нысаны және мақсаты – мүшелік ұйымдардың әрекеттерін кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық, еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауға өкілдік ету үшін шоғырландыру және үйлестіру, кәсіптік одақтардың қызметіне құқықтық кепілдікті қамтамасыз етуге септесу. Федерацияның жоғарғы органы 5 жылда бір рет шақырылатын Съез болып табылады. Қазіргі уақытта кәсіподақтар федерациясының 2,2 млн мүшесі бар.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика