Парламент

П.Казанцев: Мәжілістің мерзімінен бұрын сайлауын өткізу халық пікіріне негізделген

Мәжілістің мерзімінен бұрын сайлауын өткізу халық пікіріне негізделген, деді Қазақстанның Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары Павел Казанцев ОКҚ баспасөз конференциясында.
Астана қаласы21 Қаңтар , 15:37

«Елдің бұқаралық қоғамдық ұйымы - Қазақстанның кәсіподақтар федерациясы Мемлекет басшысының Парламент Мәжілісін тарату туралы шешімін қолдайды. Біз Елбасы бұл шешімді қабылдау үшін бірқатар жұмыс атқарғанын  көрдік. Соңғы аптада консультациялар мен келіссөздер өткізілді. Бұл шешім халық пікірімен негізделген. Бұл елдің  пікірі мерзімінен бұрын сайлауды өткізуге бейім тұрғанын көрсетті», - деді П.Казанцев.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы V шақырылымдағы Парламент Мәжілісі өкілеттігін тоқтату туралы Жарлығына қол қойды.  Мерзімнен бұрын сайлау 2016 жылы 20 наурызда өткізіледі.

Анар Тәңірқұлова 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика