Парламент

Г.Кан: Парламенттік кезектен тыс сайлауды өткізу шешімі қоғамда түсіністік пен қолдауға ие болды

Парламенттік мерзімнен бұрын сайлауды өткізу шешімі қоғамда түсіністік пен қолдау тапты, деп Абай атындағы ҚазПУ тарих ғылымының докторы, профессор Георгий Кан Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.
Астана қаласы 21 Қаңтар, 16:52

«Парламент Мәжілісінің депутаттары ҚР Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейлі мәслихаттарда мезгілден бұрын сайлау өткізу туралы бастамаларын бағыттады. Аталмыш бағыт қоғам арасында түсіністікке ие болды. Өйткені, барлықтарымыз білетіндей әлемде үлкен қиындықтар туындап жатыр. Сол себепті қоғам мезгілден бұрын сайлауды өткізу керектігін жақсы түсінеді және қолдайды. Өйткені сайлауды тосатын уақыт жоқ, 5 институционалды реформаны жүзеге асыру мен дағдарысты болдырмау жұмыстарына кірісу үшін Парламентке жаңа құрам қажет»,-деді сарапшы.

Г.Канның айтуынша, бүгінгі құрам өз жұмыстарын ойдағыдай орындап, бес  институционалды реформаны жүзеге асыруға басты негіздер қабылдады.

«Қазіргі күні жас, креативті, өз алдарында бағыт қоя білген, экономика саласында түсінігі мол, нақты қадам жасай алатын қызметкерлер керек»,-деді ол.

Есетріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы ҚР Парламент Мәжілісінде және барлық деңгейлі мәслихатта мерзімінен бұрын болатын сайлауды 2016 жылы 20 наурызда өткізу туралы Жарлыққа қол қойды.

Индира Қауметова

Сурет  rooakk.kz сайтынан алынды





Яндекс.Метрика