Ұлттың денсаулығы

2015 жылы ШҚО-да 16 спорт нысаны іске қосылды

2015 жылы ШҚО-да дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін 16 спорт нысаны іске қосылды, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан22 Қаңтар , 20:09

Негізгі мақсат – бұқаралық спортты дамытатын жағдай жасау. Спорттық қор мен болашақ ұрпақты тәрбиелеу. Өңір аймағында жастарға спортпен айналысатын барлық жағдай жасалуы тиіс.

Дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін өңірде 3148 спорт мекемесі бар. 2015 жылы олардың саны 16 бірлікке көбейді.

Материалдық-техникалық базаны нығайтатын кешен Өскеменде салынды, Қатон-Қарағай мен Бесқарағай ауданында  дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталды.




Яндекс.Метрика