Инвестициялар

Алматыда МЖС аясында 3 балабақша ашылады

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында Алматы қаласының әкімдігі мен «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім қоры» ҚҚ, «Ақсәулет» ЖШС, «Платан» ЖШС өзара ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойды, деп хабарлады Алматы қаласының әкімдігі.
Алматы қаласы22 Қаңтар , 12:51

 Осы келісім бойынша алдағы уақытта үш бала бақша  салу  жоба жүзеге асуы Алматы әкімі Бауыржан Байбек мегаполистің  әлеуметтік- экномикалық дамуында бизнестің маңызды рөл атқаратынын айтты және олардың әлеуметтік  нысандар ашудағы белсенді позицияларына ризашылық білдірді. Алматылық  бизнесмендердің қала  кірісінің  43% -ын қамтамасыз ететіндігі, соның арқасында еліміздің ЖӨӨ-нің 20 пайызын құрайтындығы да  сөз болды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау барысында тек соңғы бес ай ішінде ғана бизнес әлеуметтік инфрақұрылымға 30 млрд. теңге инвестиция құйды. Осының арқасында  бюджеттен тыс қаржының есебінен мектептер, емханалар, үлкен стадион, 24 бала бақша салынады», -деді Б.Байбек. 

Қалада бала бақшалар Алматының 2020 жылға дейінгі  даму Бағдарламасындағы 7  тұжырымның бірі «Әлеуметтік бағыттағы қала» аясында жүзеге асады.

Атап өтетін болсақ, Бостандық ауданында «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім қоры» ҚҚ-ы 140 орынды, «Ақсәулет»  ЖШС Әуезов ауданында 180 орынды ал «Платан» ЖШС Алатау ауданында 320 орынды  мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерін салатын болады. Осы  ЖШС  Алмалы және

Жетісу аудандарында екі бала бақшаны қай жөндеуден өткізеді.

 

 




Яндекс.Метрика