Білім беру

Б.Жандыбаев: Дуальды білім берудің оқу-әдістемелік кешені кәсіпорын қызметкерлерімен бірге жасалады

Колледждерде дуалды оқыту үшін оқу-әдістемелік кешен мектеп мұғалімберімен бірге «Қазақмыс» корпорация қызметкерлерімен жасалады, деп «Қазақмыс» Корпорациясының» ЖШСкәсіби даму бөлімінің бастығы Болат Жандыбаев ОКҚ баспасөз-конференциясында айтып өтті.
Астана қаласы21 Қаңтар , 13:24

«Қазақмыс» корпорациясы үшін біздің колледж мамандарды кешенді дайындау үшін негіз болып келеді. Оған қоса, дуалды жүйе оқыту бойынша.  Корпорация кәсіпорындары мен колледж арасындағы қарым-қатынас келесідей болып келеді: корпорация қызметкерлері мұғалімдермен бірге өндіріс ерекшелігін ескере отырып, оқу-әдістемелік кешенін жасайды. Қабылдау жоспары корпорацияға қажетінше жасалады. Колледж мұғалімдерімен бірге корпорация мамандары бірлеске іс-шаралар мен байқауларға қатысады»,-деді Б. Жандыбаев.

Оның айтуынша, корпорация колледжінің алдында тұрған басты мақсат, мамандарды келешекте жұмыс орындарына тұра алатындай және кәсіпорындарда өз беттерінше жұмыс істей алуға итермелеу. Тәлімгердің басты мақсаты студенттерді құрылыммен таныстырып, бар құрал-жабдықтармен жұмыс істеуге, кәсіпорындарда тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру. 

«Оқу мерзімі біліктілік емтиханымен аяқталады. Ол корпорация мамандарымен өткізілі. Барлық емтихандар жұмыс орындарында өткізіледі. Оқыту нәтижесі корпорацияның дұрыс бағыт бойынша келе жатқандығын көрсетті»,-деді Б. Жандыбаев.




Яндекс.Метрика