Адамзаттық капитал

Қазақстандық десантшылар «аспан әлемін» бағындырды (ФОТО)

Жаңа оқу жылында Қапшағай қаласының жанындағы Жетіген аэродромында алғаш рет ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері 800 м биіктіктен порошютпен секіріп- «аспан әлемін» бағындырды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Казахстан 22 Қаңтар, 20:43

Әскери қызметші – десантшылар тұңғыш рет «Airbus Military» испандық концерн жасап шығарған С-295 ұшағынан парашютпен қарғып секіріп отыр. Парашютпен биіктіктен  секірудің алдында  әуеде өзін қалай ұстаудың ережелерін түсіндіретін бастапқы нұсқаумен таныстырылады және порошютты қиыстырып келтіру  мен дұрыс киюді көрсететін секіруге дайындық түрлері мен керек жабдықтарды тексеруді жүзеге асырады.

ҚР ҚК 61993 әскери бөлімінің,парашюттық-десантшылар батальоны мен Казбат бітімгерлік батальоны жеке құрамының 200-ден астам әскери қызметшілері жауынгерлік тапсырмаларды орындады және өздерінің тас түйін дайындығын көрсетті. Секіру 61993 әскери бөлімінің командирі, полковник Шайх-Хасан Жазықбаевтың басшылығымен бекітілген тәртіп пен ережеге сай өткізілді. Айта кеткен жөн, парашюттен секіруді іске асыру – ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерінің әскери қызметшілерінің жауынгерлік әзірлігінің ең басты негізі болып табылады.

Десантшыларға арналған парашюттен секіру бағдарламасы бригаданың бөлімшелері мен мамандықтарына тікелей байланысты. Парашюттік секіру болмай тұрып жеке құрам биіктіктен секіруге рұқсат беретін психологиялық тестен өтеді. Нұсқаушылар парашютпен секіру соңында әрбір әскери қызметшінің парашюттік жүйенің жұмыс қағидаларын және биіктіктен секіру кезіндегі міндеттерін түсініп білуі үшін жеке құрам дайындайтын болады.  


 

 





Яндекс.Метрика