Парламент

В.Фоос: Партиялық тізім бойынша Мәжіліске кандидаттарды ұсыну 8 ақпанға дейін созылады

Парламент Мәжілісіне партия тізімі бойынша кандидаттарды ұсыну 8 ақпанға дейін болады. Ал, партия тізімін тіркеу ағымдағы жылдың 19 ақпанында болады. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағалары Владимир Фоос Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып кетті.
Астана қаласы 21 Қаңтар, 15:03

«Сайлау алдындағы науқан, кешегі Жарлықты қабылдағаннан кейін басталды. Президент Парламент өкілеттігін мерзімнен бұрын тоқтату туралы ұсынысқа нақты түсінік берді. Депутаттардың бұл бастамасын қоғам жақсы қабылдап, нақты іс-шаралар баяндалды»,-деді ол.

В. Фоостың айтуынша, Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығын туралы заңға сәйкес, партиялық тізімдер бойынша сайланатын саяси партияларға тиесілі, ал Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Ассамблея кеңесінде сайланады.

«Кандидаттар партиялық тізім бойынша ұсынылып, партия съездерінде қалыптасады. Парияларға уақыт 8-ші ақпанға дейін берілді. Содан кейін тіркеу жұмыстары жүргізіліп, 20-шы ақпаннан бастап сайлау алды үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі»,-деді ол.

Сонынмен қатар, В.Фоордың айтуынша, Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейлі мәслихат депутаттарының бірігіп өткізген сайлауы бюджедтен 4,8 млрд қаражатты үнемдеуге септігін тигізеді.

«Біз сайлауды біріктіріп өткізуді жоспарладық, өйткені ол бюджет қаражатын үнемдеуге қолайлы, және сайлау синхронды өтіп, 4 млрд теңгеге дейін үнемдеп қаламыз»,-деп ҚР ОСК төраға орынбасары айтып өтті.

Есетріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы ҚР Парламент Мәжілісінде және барлық деңгейлі мәслихатта мерзімінен бұрын болатын сайлауды 2016 жылы 20 наурызда өткізу туралы Жарлыққа қол қойды.

Индира Қауметова

Сурет  kazpravda.kz сайтынан алынды





Дерекнама

Яндекс.Метрика