Парламент

Жастар корпусын дамыту жобасын қаржыландыру туралы ХҚДБ-мен Келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі (энергия тиімділігін арттыру және жастар корпусын дамыту бағдарламасы үшін бір донордың Траст қоры әкімшісі ретінде әрекет етуші) арасындағы Грант туралы келісімді (Жастар корпусын дамыту жобасы) ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлады Сенат.
Астана қаласы 21 Қаңтар, 12:37

2015 жылғы 10 қыркүйекте Астанада қол қойылған Келісімге сәйкес Дүниежүзілік Банк Қазақстан Республикасына Жастар корпусын дамыту жобасын қаржыландыруға жәрдем көрсету үшін Келісімде жазылған тәртіппен және шарттармен21 763 000 АҚШ доллары мөлшерінде грант бөлуге келісімін береді. Жобаның мақсаты – сервистік оқыту инновациялық бағдарламасын іске асыру арқылы Қазақстандық жастарды оң бағытта дамыту.

Жобаға қатысушылар үшін стипендияның айқындалуы және оларды белгілі бір кезең ішінде толығымен немесе ішінара жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету күтіледі. Одан басқа, жастар корпусының мүшелеріне тағылымдамадан өту және тәлімгерлік мүмкіндіктерін ұсынуға мүдделі ұйымдар анықталатын болады. Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.

 

 





Яндекс.Метрика