Адами капитал

ҚР ҚК инженерлік әскерлері жауынгерлік техниканың жаңа заманауи үлгілерімен толықтырылады (ФОТО)

Бүгін, қаңтардың 21 жұлдызында Қазақстанның инженерлік әскерлер бөлімшелері мен құрылымдары өзінің кәсіби мейрамын тойлауда, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Казахстан 22 Қаңтар, 18:24

ҚР ҚК барлық бөлімінде салтанатты іс-шаралар өткізіліп, дәл осы әскер түрінде ұзақ жылдар бойы өз ісіне адал қызмет еткен және елеулі үлесін қосқан инженерлерге құрмет көрсетіледі. Армияның инженерлеріне өте жауапты міндет жүктелген. Олар Құрлық әскерлерінің бөлімшелері мен жалпы әскерлік бөлімдерінде жауынгерлік іс-қимыл жүргізу үшін қолайлы жағдай жасайды.

«Инженерлік әскерлер бейбіт уақытта да өзіне міндеттелген сан-алуан  тапсырмалар кешенін іске асырады. Мәселен, эвакуациялау айла-тәсілдерін, шабуылда әскерлердің жылжуын қамтамасыз етеді, жолдар салады, сулы тосқауылдан өтуді жабдықтайды, қарсыластардың бөгеттеріне өткелдер жасайды, қозғалыс жолдарын инженерлік барлау, басқару бөлімдерін құруды жүзеге асырады. Сонымен қатар, суды өңдеу мен тазарту арқылы әскерді қажетті су қорымен қамтамасыз етеді» - деп атап өтті ҚР ҚК ҚӘ ББ инженерлік әскерлер бастығы полковник Нұрлан Шаймахов.

Сондай-ақ, еліміздің барлық аймағында инженерлер жарылғыш заттарды табу, анықтау және жоюды қамтамасыз етеді. Бүгінде инженерлік әскерлер инженерлік жарақтандыру құралдарымен және қажетті техникамен жабдықталған. Алда сапалы қайта жабдықтау жүргізіледі деп күтілуде. «2017-2018 жылдары Құрлық әскерлеріне қарайтын әскерлерді заманауи құралдар мен техникалармен қайта жабдықтау жоспарланған. Бұл жер қазатын инженерлік техника, мина жарғыш шептер орнату және барлау жүргізу техникасы, фортификациялық жабдықтар, қорғаныс шептері, суды анықтау және тазартуды қамтамасыз ету құралдары» - дейді полковник Нұрлан Шаймахов.

Қазіргі уақытта Қазақстанның Құрлық әскерлерінің құрамында саперлік бригадалар, жеке бөлімшелер, сондай-ақ, жалпы әскери бригадаға қарасты инженерлік бөлімшелер бар. Оның ішіне 68665 әскери бөлімінің инженерлік-саперлік ротасы кіреді. Басқа да инженерлік бөлімшелер сияқты аталған рота да ҚР ҚК ірі жауынгерлік жаттығуларына қатысады. Инженерлер, қызметшілер мұнда өз шеберліктерін шыңдап, теориялық және тәжірибелік біліктіліктерін нығайтады. Әскери мамандардың құрамы Құрлық әскерлері Әскери институтының және жоғары оқу орындарының әскери кафедраларының түлектерімен, 10228 әскери бөлімі кіші мамандарымен толығып отырады.


 

 





Яндекс.Метрика