Парламент

ОСК: Мәжіліс пен мәслихаттардың сайлауын бірге өткізу 4,8 млн қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді

Мәжіліс пен мәслихаттардың сайлауын бірге өткізу 4,8 млн қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлімдеді.
Астана қаласы21 Қаңтар , 12:21

«Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі Мәслихат сайлауына мемлекеттік бюджеттен 7 миллиард 985 миллион 300 мың теңге керек. Жалпы Мәжіліс депутаттары мен мәслихаттар депутаттарын сайлауды қоса өткізу қазіргі экономикалық жағдайда объективті негізделген шешім деп санаймыз. Бұл сайлау науқандарын өткізуге бөлінген бюджет қаражатын едеуір үнемдеуге мүмкіндік береді. Ал бұл шамамен 4,8 миллиард теңге көлемінде болмақ», - дейді Қ.Тұрғанқұлов.

Айта кетейік, кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

Ботагөз Айтжанова

 

 




Яндекс.Метрика