Парламент

Н.Шәймерденова: Қазақстанның жас буыны жаңа конструктивті идеяларды ұсынуға дайын

Парламенттік мерзімнен бұрын сайлау өткізу жұмыстары жас буындарға жаңа конструктивті идеяларды ұсынуға, озық және геосаяси жағдайда ынталы жұмыс істеуге мүмкіндік береді, деп «Парасат» Қазақ көпсалалы институтының гуманитарлық зерттеу орталығының директоры, филология ғылымының докторы, профессор Нұрсұлу Шаймерденова Srtategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып кетті.
Астана қаласы 21 Қаңтар, 13:46

«Кеше Мемлекет басшысы V шақырылымдағы Парламент Мәжілісі өкілеттігін тоқтату туралы Жарлығына қол қойды. Мәжілістегі сайлау 2016 жылы 20 наурызда өткізіледі. Мен бұл шешімді қолдаймын, өйткені ол жас буындарға жаңа мүмкіндіктер әкеледі. Өздеріңіз білетіндей, буындардың алмасуы әр 25 жыл ішінде болады. Сол себепті Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай, қорытынды жұмыстарын өткізудеміз. Сонымен қатар, Қазақстан азаматтарының белсенділігін және азаматтық қоғамның барлық институттарын арттыруға мүмкіндік береміз»,-деді сарапшы.

Н.Шәймерденованың айтуынша, бірнеше шет тілдерді білетін, «Болашақ» бағдарламасы арқылы білім алып келген жас буындар бүгінгі күні жаңа тың идеяларды ұсынуға және жаһандық дағдарыс кезінде геосаяси жағдайдағы түрлі жұмыстарда қызмет етуге мүмкіндік болып тұр.

«Менің ойымша, дәл осы жас буындар өздерінің аға буындарының көмегімен депутат корпусының құрамына еніп, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының өкілеттілігіндегі әр түрлі ұйымдарда жұмыстарын жалғастырып, ҚХА табысты бәсекеге қабілетті мемлекет құруды жалғастырады деген сенімдемін»,-деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы V шақырылымдағы Парламент Мәжілісі өкілеттігін тоқтату туралы Жарлығына қол қойды.  Мерзімнен бұрын сайлау 2016 жылы 20 наурызда өткізіледі.

Индира Қауметова





Яндекс.Метрика