Парламент

Т.Охлопкова: ҚХА 2016 жылы Парламент Мәжілісіне 9 депутаттың үшінші мәрте сайлауын өткізеді

Қазақстан халқы ассамблеясы 2016 жылы Парламент Мәжілісіне 9 депутаттың үшінші мәрте сайлауын өткізеді, деді ОКҚ-да ОСК мүшесі Татьяна Охлопкова.
Астана қаласы21 Қаңтар , 11:45

«1992 жылдан бастап ҚР Президенті ҚХА құру бастамасын ұсынды. Ол Ұлттық саясаттағы бірыңғай институт болып табылады. Осы жылы ҚХА Парламент Мәжілісіне 9 депутатты сайлауды үшінші мәрте өткізеді. Олардың ерекшелігі, 2016 жылдың 21 наурызында өтеді. Сайлауға тек ҚХА мүшелері қатысады», - деді ол.

ОСК мүшесі айтқандай, ҚХА кеңесінде үміткерлер алға тартылады, олар 9 депутатқа дейін таныстыра алады. 

Ал кеше, яғни 20 қаңтар күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Қаулыға қол қойды.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика