Парламент

Саяси партиялардың насихаттау науқаны мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылмайды – ОСК

Саяси партиялардың насихаттау науқаны мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылмайды, деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов ОКҚ-да.
Астана қаласы21 Қаңтар , 11:42

«Сайлауға қатысатын саяси партиялардың насихаттау жұмыстарына қаржы мемлекеттік бюджеттен бөлінбейді. Саяси партиялар өздерінің сайлау қорын құрады. Олар екі көзден құрылуы мүмкін. Бұл жеке партияның жеке қаржысы немесе азаматтардың өз еркімен берген қаржысы. Жалпы сомасы 342 млн 800 мың теңгені құрайды», - деді Қ.Тұрғанқұлов.

Айта кетейік, сайлау науқаны аясында барлығы 107 Мәжіліс депутаты сайланбақ. Оның 98-і партиялық тізім бойынша сайланса, 9-ы Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланады. Жергілікті билік органдарына 3 335 барлық деңгейдегі мәслихат депутаты сайланбақ, оның 550-і облыстық, 625-і қалалық және 2160-ы аудандық мәслихаттарға сайланады.




Дерекнама

Яндекс.Метрика