Ұлт жоспары 100 нақты қадам

А.Ирғалиев: Бәсекеге қабілетті нарық Ұлт жоспарын жүзеге асырудағы инновация мен идеяның қозғаушы күші

Бәсекеге қабілетті нарық Ұлт жоспарын жүзеге асырудағы инновация мен идеяның қозғаушы күші, деп ағынан жарылды Экономикалық зерттеулер институтының басқарма төрағасы Әсет Ирғалиев «Strategy2050.kz»АА берген эксклюзивті сұхбатында.
Астана қаласы21 Қаңтар , 14:47

«Мемлекет өз орнына бәсекеге қабілетті нарықты қалдырады, яғни нарық экономикалық оператордан экономикалық реттеушіге айналады. Біздің монополияға қарсы орган ЭДЫҰ-ның бәсекелестік бойынша комитетімен бұрынғыданда тығыз жұмыс істейтін болады. Жаңа құралдар жасақталуда, шаралар қолға алынуда, ұзақмерзімді жоспарда ол ел экономикасына өте тиімді болады. Бүгінде заңнамалық базадағы бірқатар заңдарға Елбасы қол қойып қойды, жақын арада өзгертулердің нәтижесін көтерін боламыз», - деп түйді Ә. Ирғалиев.

Сарапшы атап өткендей, бүгінде біз экономикадағы мемлекет рөлінің төмендегенін байқап отырмыз, жекешелендіру жүргізілуде. Жеке сектор экономика өсімінің толлыққанды драйверіне айналады.

Оның айтуынша, «Ұлт жоспары – «100 нақты қадамның»  53-қадамында ЭДЫҰ стандарттарына сәйкестендіру мақсатында монополиямен қызмет жұмысының тұжырымдарын өзгерту  туралы айтылған.

«Қызметті жаңғырту еркін бәсекелесті дамытуға бағытталуға тиіс», - деді ол.

Индира Кауметова

 




Яндекс.Метрика