Адамзаттық капитал

Көкшетауда жастардың жедел отряды қайтадан жаңартылады

Көкшетауда Жастар қорының орталығы жергілікті полиция қызметкерлерімен бірге қаланың оқу орындарында жастардың жедел отрядын құруды жоспарлауда, деп Ақмола облысының ІСБ жанындағы «Ақмола Медиа Орталығы» хабарлайды.
Ақмола 21 Қаңтар, 20:43

Бұл шешімге Көкшетау қ. Ішкі істер басқармасында ТжКБ директор орынбасары мен ЖОО проректорларымен ұйымдастырылған жиналыста келді.  Көкшетау қаласының жастар ортылық қоры жергілікті полиция қызметкерлерімен бірге NEET жастар категориясымен кәмелетке толмағандар арасындағы заң бұзушылық бойынша жұмыстар атқаруда.

Көкшетау қ. ІІБ жергілікті полицияның  ювеналды полиция  бөлімінің бастығы капитан Әділбек Салықов оқып жатқан жастар арасынан жастардың жедел отрядың қайта қалпына келтіру бойынша ойын білдірді.

«Аталмыш тәжірибе 2013-2014 жылдары болды. Біз оны қайтадан жандандырғымыз келеді. Бұл жастарды тәжірибелік жұмыс барысын жасауға үйретеді»,-деді Ә.Салықов.

Сондай-ақ, көптеген дамыған Мемлекеттерде КСРО кезінде болған тәжірибелеріне орай жалпы қоғамдық тәртіпті күзету бойынша көрсеткіш, жалпықоғамдық құрылым тәртіп сақтаудың негізгі көзі болып келетіндігін дәлелдіді.

Осылайша, жастардың жедел отряды туралы шешім қабылданып 2016 жылдың 1 қаңтар айында толқұжаттары берілді. Аталмыш бағыт бойынша  ведомствоаралық жоспра құрастырылды, сондай-аө Көкшетау қ. Бойынша полицияның жас көмекшілерінің жұмысы нығайтылды.





Яндекс.Метрика