Урбанизация және өңірлер дамуы

Қостанай облысында мемлекет меншігіне 274 га пайдаланылмайтын жер қайтарылды

Мемлекет меншігіне пайдаланылмайтын және арналуы бойынша пайдаланылмайтын жалпы көлемі 273 мың га 64 жер телімі қайтарылды, деді Қостанай облысының прокуроры Марат Қайбжанов.
Қостанай22 Қаңтар , 18:52

Сыбайлас жемқорлықпен күрес саласында жұмыс белсенділігі арта түсті, қабылданған шаралармен 31 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды, олардың 14-і бірінші басшылар.   

Аймақтағы криминогендік жағдай қылмыскерліктің шамалы төмендеуімен сипатталады (23 845-тен 23 570 дейін), соның ішінде оның ауыр түрлері 8,6%-ға (1 202-ден  1 099 дейін) және орташа ауырлары - 19,5%-ға (2 0034-тен 16 133 дейін).

М.Қайбжанов айтқандай, аймақтың транзиттік орналасуын ескере отырып, облыс прокуратурасының бастамасымен барлық құқық қорғау және арнайы органдар есірткінің заңсыз айналымына қарсы ведомствоаралық жоспар қабылданды.

Үйлестіру рөлінің күшейтілуінің нәтижесінде 6 адамнан тұратын біріккен қылмыстық топтың қылмыскерлік әрекеттері тыйылды, олар облыс аймағына аса ірі көлемде есірткі заттарын тасымалдауды ұйымдастырған. Тұтқындаған кезде олардан 288 кг марихуана және 1,5 кг гашиш табылған.

Арнайы прокурорлар қоғамдық резонанс тудырған 37 қылмыстық іс тергеді. Аталған істерді сотта қарау нәтижесінде 14 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Азаматтық сот өндірісінде 314 млн. теңге көлемінде бюджет шығындарына жол берілмеді.

Прокурорлардың наразылықтары бойынша 42 млн. теңгеден астам соманы құрайтын айыппұл тағайындалып, әкімшілік жауапкершілікке заңсыз тартылған 9 жеке тұлғаның құқықтары қорғалды.

Алимент өндірумен байланысты мәселелі сұрақтарды шешу бойынша кешенді шаралар қолданудың нәтижесінде 1210 кәмелет жасқа толмағандардың құқықтары қорғалды, 167 млн. теңге көлемінде берешек өндіріліп алынды.

Алқа жұмысының нәтижелері бойынша аймақ прокурорларына прокурорлық қадағалау әсерлілігінің одан әрі көтерілуі, республика Президенті тапсырмаларының жүзеге асырылуы бойыша мақсаттар қойылды.

 

 

 




Яндекс.Метрика