Парламент

К.Тұрғанқұлов: Сайлау науқаны аясында ҚР Парламент Мәжілісіне 107 депутат сайланатын болады

Сайлау науқаны шеңберінде ҚР Парламент Мәжілісінде 107 депутат сайланатын болады, оның ішінде 98-і партиялық тізімнен және 9-ы ҚХА-дан, деп Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов ОКҚ баспасөз конференциясында айтып өтті.
Астана қаласы21 Қаңтар , 10:29

«ҚР Президентінің қаулысына орай партиялық тізім бойынша сайланатын ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының мезгілден бұрын сайлауы 2016 жылдың 20 наурыз айында өткізіледі. Қазақ халқы Ассамблеясында сайланатын ҚР Парламент Мәжілісінің мезгілінен бұрын өтетін сайлауы а.ж. 21 наурызында өтеді. Сондай ақ, ОСК 2016 жылдың 20 наурызға барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының  кезекті сайлау тағайындау туралы қаулы қабылданды»,-деді Қ.Тұрғанқұлов.

Оның айтуынша, бұл өз жолында сайлау науқанына бөлінген бюджетті айтарлықтай үнемдеуді қамтамасыз етеді, яғни ол 4,8 млрд теңгені құрайды.

«Жалпы сайлау науқанында Мәжілістен 107 депутат таңдалатын болады, оның ішінде 98-і партиялық тізімнен және 9-ы ҚХА-дан. Жергілікті өкілдер органына барлық деңгейлі мәслихаттан 3 335 депутат сайланатын болады, оның ішінде облыстан-550, қалалық-625 және 2 160-ы аудандық мәслихаттан»,-деді ол.

 Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика