Инфрақұрылымның дамуы

ШҚО-да 2016 жылы 6 543 пәтерлік 52 көппәтерлі тұрғын үй салынады

ШҚО-да 2016 жылы 6 543 пәтерлік 52 көппәтерлі тұрғын үй салынады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Шығыс Қазақстан22 Қаңтар , 12:03

Жалпы, өткен жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 9,1 пайызға өсіп, 158,3 млрд. теңгені құрады. Республика бойынша үлес салмағы 5,5 пайыз.

318,1 мың. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Мемлекет қаржысына жалпы ауданы 174 мың. шаршы метр немесе 1931 пәтерді құрайтын 38 көп пәтерлі тұрғын үй салынды.

2016 жылы жалпы ауданы 538,8 мың шаршы метр (6 543 пәтер) 52 көппәтерлі тұрғын үй салынады деп жоспарлануда.

2015 жылы әлеуметтік салада 64 нысанның құрылысы жүргізілді. Жыл қорытындысы бойынша пайдалануға беріледі деп жоспарланған 51 нысанның 43-і пайдалануға берілді.

2016 жылға жалпы құны 30,5 млрд. теңгеге 24 нысанның құрылысы жоспарланған.

 




Яндекс.Метрика