Өңірлер

2015 жылы Маңғыстау облысында сыртқы сауда айналымы 10,4 млрд долларды құрады

2015 жылы Маңғыстау облысында сыртқы сауда айналымы 10,4 млрд долларды құрады. Көбінесе экспорт 9,2 млрд долл құраса, импорт 1,1 млрд доллар. Жалпы сауда айналымында импорт 11,3 %-ды құраса, экспорт-88,7 %-ды құрады, деп Маңғыстау облысының мемлекеттік табыс департаменті хабарлайды.
Маңғыстау21 Қаңтар , 10:19

Айта кететін жайт, ТМД елдерімен тауар айналымының жалпы көлемі 48,2 млн долл құрады. Тауар айналымынң өсуі келесі ТМД елдерінде байқалды: Молдова- 11,9%-ға өскен, Әзірбайжан Республикасы-5,8 %.

Сонымен қатар, тауар айналымынң басты үлесі келесі елдерде: Украина- 43,1 %,Әзірбайжан-33,7 %,Түркменістан-13,5 %, ал ТМД елдерінің жалпы үлесі 9,7 %-ды құрайды.

Маңғыстаулық экспорт құлымында өткен жылғы секілді мұнай шикізат тауары негізгі үлесі болып келеді. Оған 2015 жылы барлық экпорт көлемінен 98,8 % келді.

Маңғыстау ауданы бойынша өнімдерді сатып алушылар ішіндегі көшбасшылар қатарына Швейцария (экспорттың жалпы көлемі 57,6 %), Бермуд(14,7 %), Италия (10,2 %), Австрия (4,4 %), Нидерланды (3,5 %) жатады.

2015 жылғы импорттық негіздегі тауар тізімдемесінің қатарына металл және олардың өнімі 51 %-көлік және жабдықтау, көлік құралдары, құрылғылар мен аппараттар35,7; %, химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері - 4,9 %, Жануар және өсімдік тектес өнімдер, азық-түлік өнімдері дайын болуы - 2,9%-ы кіреді.

Импортты тауардың негізгі жеткізушілері Франция (30,4 %), Италия (16,8 %), Қытай (11,5 %), Япония (4,7 %), АҚШ (4,4 %), Нидерланды (3,9 %), Ұлыбритания (3,9 %), Иран (3 %), Түркия (2,7 %), БАЭ (2,6 %), Германия (2,1 %), Украина (1,8 %) болып табылады.

2015 жылы Маңғыстау облысының кәсіпорындары 101 әлем елімен сыртқы экономикалық қызмет атқарды.




Дерекнама

Яндекс.Метрика