Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Алматыда Индустриалды аймақ инфрақұрылымының құрылысы 2016 жылдың алғашқы жартысында аяқталады

Алматыда Индустриалды аймақтың инфрақұрылымын салу құрылысы және оны сыртқы инженерлік желілермен қамтамасыз ету жұмыстары 2016 жылдың екінші тоқсанында толығымен аяқталады, деп хабарлады Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Алматы қаласы21 Қаңтар , 09:43

Құрылыс жұмыстары Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмасын орындау аясында биыл аяқталады. Бүгінгі таңда Алматының Алатау ауданында орналасқан Индустриалды аймақ сыртқы инженерлік желілермен 90 пайызға жабдықталған.

Мысалы, электрмен және газбен жабдықтау желілері және автокөлік жолдары толығымен салынып бітті. Ал сумен жабдықтау жүйесі - 75 пайызға, су тарту жүйесі - 70 пайызға, темір жол желісі - 95 пайызға салынды. 

Аталған инженерлік инфрақұрылымдарды салуға республикалық бюджеттен 17,8 млрд. теңге бөлінген. Сондай-ақ, Индустриалды аймақтың инвестициялық тартымдылығын арттыру және ондағы бизнес субъектілеріне ыңғайлы болуы үшін Алматы қаласының әкімдігі қаззір ішкі инженерлік желілерді салу бойынша жалпы сомасы 7,8 млрд. теңге болатын 8 жобаны әзірлеп жатыр.

Айта кетелік, Алматы қаласының Алатау ауданында орналасқан Индустриалды аймақ - экспортқа бейімделген, бәсекеге қабілетті, жоғарытехнологиялық өнімдер шығаратын өнеркәсіптік кәсіпорындар кешені. Онда 7 өндірістік сектор белгіленген. Олар: машина жасау, құрылыстық өнеркәсіп, фармацевтикалық өнеркәсіп, химиялық өнеркәсіп, жиhаз өнеркәсібі және жеңіл өнеркәсіп секторлары. 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика