Парламент

А.Пилько: Парламент Мәжілісінің мерзімінен бұрын сайлауы елді басқаруға жастарды тартуға мүмкіндік береді

Мен Парламент Мәжілісіндегі мерзімінен бұрын сайлауды зиялық қауымның жаңаруы ретінде бағалаймын, ол билікке жастарды тартуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Еуразиялық коммуникациялық орталық директоры Алексей Пилько Елбасы Н.Назарбаевтың Парламент Мәжілісінің мерзімінен бұрын сайлауын 2016 жылдың 20 наурызында өткізу туралы айтқан пікірін Strategy2050.kz АА берген сұхбатында бөлісті.
Әлемде 21 Қаңтар, 09:13

«Бұл шешім техникалық, себебі біз жаңа экономикалық жағдайда өмір сүреміз. Қазір әлемдік экономикалық дағдарыс жалғасуда. Энергия тасмымалдаушылардың бағасы күрт төмендеуде. Қазақстан мен Ресейдің ғана емес, Еуразиялық экономикалық одақ елдері экономикаларының қайта құрылуына мұқтаж болып отыр. Мен Парламент Мәжілісіндегі мерзімінен бұрын сайлауды зиялық қауымның жаңаруы ретінде бағалаймын, ол билікке жастарды тартуға мүмкіндік береді», - деді А.Пилько.

Кеше Елбасы Парламент Мәжілісінің мерзімінен бұрын сайлауын 2016 жылдың 20 наурызында өткізу туралы Жарлыққа қол қойды.

Ботагөз Айтжанова

Сурет жеке мұрағаттан алынды 

 





Яндекс.Метрика