Басқару

ОСК Мәжілістің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарларын бекітті

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарларын бекітті, сондай-ақ мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауын тағайындады, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясы.
Астана қаласы20 Қаңтар , 21:19

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты Мемлекет Басшысы өзінің Жарлығымен партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2016 жылғы 20 наурызға және Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2016 жылғы 21 наурызға тағайындады.

Сондай-ақ 20 қаңтарда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болды, онда 2016 жылғы 20 наурызға Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау және тиісті күнтізбелік жоспарды бекіту туралы қаулы қабылданды.

Сонымен қатар Ортсайлауком отырысында Мемлекет Басшысының Жарлығымен тағайындалған партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлаудың және Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлаудың күнтізбелік жоспарлары, сондай-ақ аталған сайлау науқандарын ұйымдастыруға қажетті сайлау құжаттарының үлгілері бекітілді.

 

 




Яндекс.Метрика