Басқару

Н.Назарбаев: Мәжілістің кезектен тыс сайлауы 2016 жылдың 20 наурызында өтеді (ВИДЕО)

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінде мерзімінен бұрын сайлау өткізу бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы 20 Қаңтар, 20:01

Кеңеске Премьер-Министр К.Мәсімов, Президент Әкімшілігінің жетекшісі Н.Нығматулин, Конституциялық кеңес төрағасы И.Рогов, Бас Прокурор А. Дауылбаев және басқалары қатысты.

Шара барысында Елбасы депутаттардың Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттың мерзмінен бұрын сайлауын өткізу бастамасы жайында Қазақстан халқына Үндеуін жариялады.

Қазақстан Президенті депутаттардың Мәжілістің мерзімінен бұрын сайлауын өткізу бастамасы жан-жақты қаралып, талқыланғанын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев жаңа жағдайда шикізаттың арзан бағасымен өмір сүруге үйрену керектігін айтты, индустрияландыру мен шағын және орта бизнесті дамытуды жалғастыруды тілге тиек етті. 

«Осынау күрделі кезеңде жұмыс орындарын сақтау, ресурстарды үнемдеуге бейімделу керек. Үкімет пен Парламент аталмыш жағдайда бірлесіп жұмыс істеуде, жедел шаралар қабылдауға дайын. Біздің халыққа ұйымшылдық танытып, кез келген сынға төтеп беруге дайын болу керек. Бұл жаһандық үрдіс, кінәлі адамды іздеудің қажеті жоқ. Сондықтан да біз бірігіп, бір-бірімізге көмек көрсетуіміз қажет», - деді Елбасы.

Қазақстан Президенті қазіргі қоғам әрт түрлі сынаққа жауап беруге дайын екенін айтты.

«Біз ширек ғасырға ұласқан Тәуелсіздік жолын кешіп өттік.Біз бірыңғай ұлтқа айналып, адал еңбекпен барлық әлем кеңістігінде қажетті орынымызға ие болдық. Мерзімінен бұрын сайлауды барлық деңгейлі мәслихат сайлауымен бірге өткізу қаржы ресурстарын үнемдейді. Барлық депутаттарға елдің қамын ойлап, тарихи жауапкершілікке ие болғандары үшін алғыс айтамын», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы елдің Конституциясына сәйкес, Парламент палаталарының төрағалары, Премьер-Министр, Конституциялық кеңес төрағасымен консультациялар өткізіліп аталмыш шешімді қолдау қабылданды.

«Биліктің өкілдік тармағының жаңаруы халық пен елдің қызығушылығында екеніне көзім жетті. Саяси партиялар білікті, іскер, адал үміткерлерді ұсынулары керек. Бүгін мен Мәжілістің бесінші шақырылымының қызметін тоқтату Жарлығына қол қойдым. Мәжіліс сайлауы 2016 жылдың 20 наурызында өтеді.

Нұрсұлтан Назарбаев барлық қазақстандықтарға, қоғамдағы әлеуметтік топтарға аталмыш шешімге қолдау көрсетуге шақырды.

«Барша қазақстандықтарды елдің болашағы үшін бірлік пен ұйымшылдығымызды көрсетіп аталмыш сайлауға қатысуға шақырамын. Конституция гаранты ретінде мен Орталық сайлау комиссиясы мен барлық құзыретті мемлекеттік органдарға сайлаудың заңдылығын, ашықтығын қамтамасыз етуді тапсырамын», - деді Елбасы.





Яндекс.Метрика