Ұлттың денсаулығы

Түлек кадеттер ҚР ҚК-нің әскерлерінде практикалық тәжірибе жинақтауда

«Оңтүстік», «Шығыс», «Батыс» өңірлік қолбасшылықтарының әскери бөлімдерінде, ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінде үш ай бойы ҚР ҚК Кадет корпусының оқу бағдарламасына сәйкес бітіруші рота кадеттерінің әскери тағылымдамасы өткізіледі, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Казахстан 20 Қаңтар, 20:58

Кадеттер  мотоатқыш және десанттық-шабылдау бөлімшелері, теңіз жаяу әскері бөлімшелері, танк командирлері лауазымдарында тағылымдамадан өтуде. Әскерге келісімен әскери ортаға бейімделу мақсатында кадеттермен оқу-әдістемелік жиындар өткізілді. Олардан атыс және дене даярлығы бойынша сынақ қабылданды, кадеттер жеке құраммен өзіндік жұмыс жасауда рұқсатнама алды, тағылымдамадан өтушілерге анағұрлым тәжірибелі сержанттар санынан тәлімгерлер бекітілді. 

Әскери тағылымдама барысында кадеттер жеке құрамды басқаруда, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарды, бөлімшелер мен взводтардың жауынгерлік оқ атуларын өткізуде, ұрысты тексеруде және атыс қаруын қалыпты ұрысқа келтіруде практикалық дағды алады. 200-ге жуық кадет лауазымдық міндеттерді өздігінен орындауда практикалық машық жинақтауда, бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігін ұстап тұруда, жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыруда, далалық дағдыда, жауынгерлік және арнайы дайындық бойынша сабақтарды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуде шеберліктері мен практикалық дағдыларын жетілдіреді.

Олар әскери техника мен қару-жарақты пайдалану, жөндеу және баптап күту жөніндегі дағдыларын жинақтап, шыңдайды. ҚР Қорғаныс министрлігі Кадет корпусының түлектері үшін бұл жаңа практикалық тәжірибе және ҚР ҚК әскери бөлімдері мен бөлімшелерінде нағыз әскери қызметті көрудің алғашқы мүмкіндігі екенін естеріңізге сала кетейік.  Жарты жылдан соң олардың әрқайсысы өз қызметін бастайды. 


 

 





Яндекс.Метрика