Парламент

Ф.Чарльз: Мәжіліске экономикалық мәселені шешу үшін білікті құрам қажет

Жаңа Мәжіліске экономикалық мәселелерді білікті түрде шеше алатын жаңа мамандар қажет. Бұл туралы Strategy2050.kz АА берген сұхбатында Нью-Йорк университетінің халықаралық қарым-қатынас магистрі Фарел Чарльз Мәжілістің мерзімінен бұрын сайлауын өткізу туралы айтты.
Астана қаласы 20 Қаңтар, 18:01

«Мен бұл туралы аса жетік білмеймін. Бірақ, мәжілісмендер Елбасына  Мәжілістің мерзімінен бұрын сайлауын өткізуді халық тарапынан ұсынғаны мәлім.  Жаңа Мәжіліс – экономикалық мәселелерді білікті түрде шеше алатын жаңа мамандар қажет», - деді Ф.Чарльз.

Сондай-ақ, спикер атап өткендей, ол Қазақстанда халықаралық қауіпсіздік пен мұнай-химия саясаты бойынша зерттеу жүргізіп жүргенін айтты.

«Зерттеулер тұрақтылық  пен мұнайға бағасын қорғау мүмкіндігін ашуға жол ашуда», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

 





Яндекс.Метрика