Қалаларға шоғырлану

Алматыда жарық көздері орнатылатын сәулет нысандарының тізімі бекітілді

Алматыдағы тарихи мәні мен сәні бар 139 сәулет нысандары заманауи жарық көздерінің арқасында айрықша келбетке ие болады, деп хабарлады қала әкімдігі.
Алматы қаласы21 Қаңтар , 08:56

Қала құрылысы кеңесінің бекітуіне ұсынылатын мегаполистің алаңдары мен нысандарына заманауи жарық көздерін арқылы айрықша келбет беретін концепция Алматының сәулет нысандарын ерекше тартымды етіп, туриситердің қызығушылығын арттырады.

Ерекше келбет беретін жарық көзі Астана алаңына, Республика алаңындағы Тәуелсіздік Монументіне, Орталық мешітке, Кафедралды шіркеуге орнатылады.

Энергияжинақтау технологиясы бойынша жасалған заманауи жарық көздері Мәңгілік алауды, Офицерлер үйін, Абай атындағы опера және балет театрын, Н. Сац атындағы театрды, Қастеев мұражайын, ҚР Ғылым академиясын, Әл Фараби атындағы ҚМҰУ-ін, Орталық алаңды, КБТУ-ді, Мұз сарайын, «Балалар әлемі» магазинін, «Алматы» қонақ үйін, ОУМ-ді, «City Center» орталығын, «Сайран» автобекетін, Әуезов ауданы әкімдігі мен басқа да нысандарды айшықтандыра түседі.

Әлемде кеңінен қолданылатын замануаи жарық көздерін Алматыға енгізу шаралары бюджеттен тыс қаржы есебінен жүргізіледі.




Дерекнама

Яндекс.Метрика