Өңірлер

Талдықорғанда Жетісу өлкесінің көрнекті орындары туралы фильм таныстырылды

Талдықорған қаласында Жетісу өлкесінің көрнекті орындары туралы қысқа метражды фильмдердің ресми презентациясы болып өтті, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Алматы20 Қаңтар , 20:43

Бұл жобаны жетісулық жастар Алматы облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың бастамасымен дайындаған. Туристік экспедиция «New Nomad» студиясымен бірге жасалды.

Аталмыш экспедицияға қатысушылар облыстың барлық аудан, қалаларында болып, Жетісудың көрнекті орындарымен танысты. Осылайша көптеген әлеуметтік роликтерді дүниеге әкелді. Көруге ниет білдірген кез келген адам бұл роликтерді әлеуметтік желілерден көре алады.

Фильмдерді жасаушылар осы жоба жастардың елжандылық сезімдерін ұштайтынына, олардың ішкі туризмді дамытуға деген белсенділіктерін арттыратынына сенімді. 




Яндекс.Метрика