EXPO-2017

Қазақстанда «Астана ЭКСПО 2017» ұлттық компаниясы» АҚ құрылады

На заседании Правительства РК был принят проект постановления о создании АО «Национальная компания «Астана ЭКСПО-2017».
Астана қаласы15 Қаңтар , 00:00


«Бүгін біз «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын құру туралы Үкімет қаулысының жобасын қабылдап  отырмыз. Компанияның 2013 жылдағы қызметі дайындық жұмыстарын жүргізуге бағытталады», -деді Экономикалық даму және сауда министрлігінің басшысы Ерболат Досаев Үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, қазіргі таңда Үкімет жұмысының ұйымдастырушылық схемасы жасалып қойды. Вице-премьер Қайрат Келімбетов бастаған Ұйымдастыру комитеті көрмені өткізудің негізгі бағыттары бойынша 8 жұмыс штабының жұмысын үйлестіретін болады.
«Сондай-ақ жақын күндері Ұлттық консультанттың кеңсесі құрылады. Астана әкімдігі өз кезегінде Қала нысандарын даярлау және жаңа құрылыстар салу жөніндегі дирекция құрады. «Нұрлы Астана» корпоративтік қорының жанындағы ЭКСПО-2017 көрмесін қолдау қоры да жұмысын жалғастырады.
Жалпы алғанда, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұлттық жоспардың іс-шараларының 90%-дан астамы 2013 жылға жоспарланған. Тіркеу құжаттары 2013 жылдың қазан айында Халықаралық көрмелер бюросының атқарушы комитетінде бекітілгеннен кейін Ұлттық жоспар 2014-2018 жылдарға арнап түзетілетін болады. 
 




Яндекс.Метрика