Қазақстанда күнкөрістік минимумы 50 пайыздан төмен табысы бар отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібі енгізіледі

Қазақстанда күнкөрістік минимумы 50 пайыздан төмен табысы бар отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібі енгізіледі, деп хабарлады ДСӘДМ.
Казахстан06 Қаңтар , 10:32

ҚР «Халықты әлеуметтік қорғау бойынша кейбір заңнамалық актілерге толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» Заңына сәйкес, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күнкөрістік минимумы 50 пайыздан төмен табысы бар отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібі енгізіледі.

ӘКК жаңа тәртіпте екіге бөлінеді: шартсыз және шартты ақшалай көмек.

Шартсыз ақшалай көмек еңбекке қабілетті мүшесі жоқ отбасыларға көрсетіледі. Олар жәрдемақы алу үшін арнайы шараларға қатысуы қажет емес.

Шартты ақшалай көмек отбасында кем деген 1 мүше еңбекке қабілетті болған кезде төленеді. Ол әлеуметтік келісімшарттың түзілуі мен арнайы шараларға қатысу арқылы жүзеге асады.

Айта кетсек, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақы төлемі 9%-ға, мүгедектік, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері 7%-ға ұлғайтылды.

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері мүгедектік бойынша оның себебі мен тобына байланысты ең төменгі күнкөріс деңгейіне (тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» ҚР Заңымен белгіленеді); асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – қарауындағы жандардың саны мен ең төменгі күнкөріс деңгейіне; жасына қарай – тек ең төменгі күнкөріс деңгейіне тәуелді болады. 

Осылайша, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедектік, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты 7%-ға ұлғаятын болады.

№1 және №2 тізім бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері айлық есептік көрсеткіштің артуына байланысты ұлғаятын болады. 2016 жылғы АЕК 2121 теңгені құрап отыр (2015 жылы – 1982 теңге).

 




Яндекс.Метрика